Акция «Нұр Отан» ХДП-мен бірігіп бекітілген Негізгі ұйымдастыру іс-шараларының жоспарына сәйкес өткізілді, деп хабарлайды ҚР ІІМ Жол полициясы комитетінің баспасөз қызметінен.
ІІМ Жол полициясы комитеті қызметкерлерінің тобы, «Нұр Отан» ХДП-ның өкілдері, ІІО -ның ардагерлері, сондай-ақ басқа мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері мемлекеттің саясатын, Қазақстан Республикасы Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіру, азаматтарға құқықтық және консультациялық көмек көрсету мақсатында Ақмола облысының Бурабай ауданына және Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданына шығу жүзеге асырылды.
Халықпен жұмыс екі сипатта жүргізілді - олар өзекті мәселелерді жалпы жиында талқылау және азаматтарды жеке қабылдау болып табылды.
Азаматтардың барлық қойылған сұрақтары мен өтініштері хаттамаланды және олардың әрқайсысы бойынша сәйкес шешімдер қабылданды.
Жалпы халық жол полициясы қызметі туралы жақсы пікір білдірген, жол полициясы қызметкерлерінің заңсыз әрекеттерінің фактілері бойынша наразылық өтініштер түспегенін атап өткен жөн.
Акция шеңберінде сондай-ақ жол полициясы қызметіне қатысты мәселелер бойынша 555 азаматқа сауалнама жүргізілді.
Осындай іс-шаралар республиканың барлық аумақтарында өткізілді.
Жалпы республикалық акцияға жол полициясының 451 қызметкері, «Нұр Отан» ХДП-ның 82 өкілі және БАҚ-тың 149 қызметкері қатысты.