КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаудағы «Тәуелсіздік» алаңында жалпы республикалық «Рухани жаңғыру» жастар акциясына аясында іс-шара өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Шара «Юность» облыстық педагогикалық жасағының бастамасымен, облыс оқу орындарының студенттері мен жастардың қоғамдық ұйымдарының белсенділері қатысуымен ұйымдастырылды. Акцияда «Ақмолалық пікір-сайыс лигасы» жастар көшбасшы ұйымының өкілі Əнуəрбек Бекжан мен «Ділмар» пікір-сайыс клубының президенті Бердібек Жазира сөз сөйледі.
Жастар ұйымдарымен ұйымдастырылған флешмобта қатысушылар Тəуелсіздік алаңында «ЖАҢҒЫРТУ 3.0» сөзін тізді. Шара жастардың хип-хоп фестивалі мен "Open Air"-ге ұласты.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.