Департаментбасшысының айтуынша, Ақмола облысындабарлығы 674 су қоймасы бар. Онда сауда шомылу қауіпсіздігін өңірдің жеделқұтқару жасақтары, 4 құтқару стансасы қамтамасыз етеді. Олар Көкшетауда Қопа көлінде, Зеренді ауданы және Щучинск-Бурабай курортты аймағында орналасқан.
«Суғашомылу маусымы басталғаннан бері барлығы 119 адам құтқарылды. Оның 30-дан астамы балалар. 103 адамға медициналық көмек көрсетілді.
https://img.inform.kz/kazinform-photobank/media/2023-09-29/fcc33260-566c-4493-8a2a-4260cd644c09.webp
Қолғаалынған барлық шараларға қарамастан облыстың барлық су қоймаларын бақылауға алумүмкін болмай отыр. Сол себепті, биылғыжылы 59 бекет ашылып, 221 қоғамдыққұтқарушы оқытылды», - деді Алексей Советов.
Соныменқатар, суға шомылу маусымы басталғаннан бері 146 адам, оның 90-ы масаң күйдежәне 56 адам рұқсат етілмеген орында шомылғаны үшін әкімшілік жауапкершіліккетартылды.
«Дегенмен,сақтық шараларына қарамастан суға шомылу маусымы кезінде 15 төтенше жағдайтіркелді. Соның салдарынан 18 адам көзжұмса, оның жетеуі бала», деп толықтырды Алексей Советов.