Ақмола облысының прокуратурасы Степногор қаласында агроөнеркәсіп саласында құны 5,8 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жобаны іске асырып жатқан «BRESK» ЖШС-ның құқықтарын қорғау бойынша шаралар қабылдады.
Жер пайдалану мерзімін ұзарту мәселесінің шешілмеуі жобаны одан әрі қаржыландыруға және іске асыруға кедергі келтірген.
— Прокуратураның араласуы нәтижесінде жер пайдалану құқығының мерзімін жаңа мерзімге ұзарту қамтамасыз етілді. Қабылданған шешім әкімшілік кедергіні жойып, қаржыландыру тартуға және инвестициялық жобаны одан әрі іске асыруға қажетті жағдай жасады, — делінген ведомство хабарламасында.
Бұған дейін Қарағандыда инвесторларға негізсіз қаржылық санкциялар қолданылғанын жазғанбыз.