Ақмолада ата-анасынан көз жазып қалған бір жасар сәби суға батып кете жаздады

Фото: Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында суға батып бара жатқан 1 жасар бала құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, келеңсіз жағдай Зеренді көліндегі «Лагуна» демалыс аймағында болған.

Жағалауды патрульдеу кезінде құтқарушылар судан кішкентай баланы байқап қалады.


«Құтқарушылар жеткенше, демалушылардың бірі -әйел адам балаға көмекке ұмтылды. Кейін құтқарушылар баланы жағаға шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсетті және жедел жәрдем бригадасына тапсырды. Белгілі болғандай, ата-анасы көз жазып қалған бала жағалауда суға құлап кеткен», - деді ведомстводан.


Осы ретте Ақмола облысының ТЖД қызметкерлері балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.

Айта кетсек, бұдан бұрын Зеренді көлінде 32 жастағы ер адам суға батып кеткенін жазған едік.