Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, келеңсіз жағдай Зеренді көліндегі «Лагуна» демалыс аймағында болған.
Жағалауды патрульдеу кезінде құтқарушылар судан кішкентай баланы байқап қалады.
«Құтқарушылар жеткенше, демалушылардың бірі -әйел адам балаға көмекке ұмтылды. Кейін құтқарушылар баланы жағаға шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсетті және жедел жәрдем бригадасына тапсырды. Белгілі болғандай, ата-анасы көз жазып қалған бала жағалауда суға құлап кеткен», - деді ведомстводан.
Осы ретте Ақмола облысының ТЖД қызметкерлері балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.
Айта кетсек, бұдан бұрын Зеренді көлінде 32 жастағы ер адам суға батып кеткенін жазған едік.