Облыс прокуратурасы азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау саласындағы заңдылықтың жай-күйіне тұрақты түрде талдау жүргізді.
— Осы жұмыс аясында Целиноград ауданының прокуратурасы білім бөлімінің 4472 қызметкерлеріне 178 млн теңге көлемінде жалақы берешегін анықтады. Қадағалау актісіне сәйкес аталған қарыз толық өтелді, осылайша жұмыскерлердің 4472 конституциялық құқығы қорғалады, — делінген прокуратура таратқан ақпаратта.
Ведомство мәліметінше, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады.
Бұдан бұрын Ақмола облысында сумен жабдықтау желілерін салуға заңсыз активтер есебінен 21,5 млрд теңге бөлінгенін жаздық.