Өрт ошақтары Атбасар ауданындағы Сочинское ауылының маңында, Еңбек және Бейтоғай ауылдық округтерінде, Ақкөл ауданындағы Ақкөл қаласының шетінде, Бозайғыр ауылының жанында, Целиноград ауданындағы Қабанбай батыр және Тасты ауылдарының маңында, Жақсы ауданындағы Тайпақ ауылы аумағында, сондай-ақ Қорғалжын ауданындағы Кенбидайық ауылының төңірегінде тіркелген.
Өртті сөндіруге Ақмола облысы ТЖД күштері, «Қазәуеқұтқару» АҚ, жергілікті атқарушы органдар, «Жасыл аймақ» РМК, сондай-ақ Сандықтау, Ақкөл, Степногор, Краснобор және Ерейментау орман шаруашылықтарының қызметкерлері жұмылдырылды.
Өрттің барлық ошағы толықтай сөндірілді. ТЖД мәліметінше, елді мекендерге қауіп төнуіне жол берілмеген.
Құтқарушылар тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтап, құрғақ шөпті өртеуге жол бермеу қажет екенін ескертті. Төтенше жағдай туындаған жағдайда 101 немесе 112 нөмірлеріне хабарласу керек.
Еске салайық, бұған дейін 2026 жылғы 1 тамызда еліміздің мемлекеттік орман қоры аумағында 7 орман өрті тіркелгенін хабарлаған едік.