Ақмола облыстық Прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, облыстық білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметіне жүргізілген талдау қорытындысы бойынша бюджет қаражатын жымқыру деректері анықталды.
«Департамент басшысының жалған құжаттар бойынша іс-сапар шығыстарына бөлінген ақшалай қаражат алғандығы анықталды. Көкшетау қалалық сотының үкімімен 2022 жылғы 12 шілдеде Департамент басшысы С.Т.Алтаев ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 3-бөлігі 2-бөлімшесінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды және оған жымқырылған мүліктің он еселенген мөлшерінде, яғни 21 033 110 теңге айыппұл салынып, өмір бойы мемлекеттік қызметке жұмысқа орналасу құқығынан айырылды», - деді ведомстводан.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
Айта кетсек, бұдан бұрын Көкшетауда жер қатынастары саласының қызметкері алаяқтық әрекеті үшін сотталған еді.