Нұр-Сұлтан қаласында өткен байқауға еліміздің әр өңірінен шығармашылық ұжымдар қатысты.
Цирк студиясының тәрбиеленушісі «Каучук» палстикалық этюд бағдараламасымен өнер көрсетті.
«Яна «Виртуоз» студиясында алты жастан жаттығып жүр. Ұжым арасында ол жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Енді ол тағы бір үлкен жетістікке қол жеткізіп отыр. Бұған әрине, Янаның ата-анасы мен шығармашылық жетекшісі Рсулан Литовченконың қосқан үлесі зор» дейді аудандық мәдениет және тілдер бөлімінен.
«Виртуоз» цирк студиясының жұмыс істеп жатқанынан 30 жылдан асады.
Оның қатысушылары түрлі шығармашылық және көркем өнер байқауында үздік нәтиже көрсетіп, жүлдегер атанып жүр.
Бүгінгі таңда ұжымда 40 адам бар. Олар ауылдық округтерге жиі барып, өнер көрсетіп отырады.