Ақмолада дүкенге қарақшылық шабуыл жасаған ер адам ұсталды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Бурабай ауданында дүкенге қарақшылық шабуыл жасаған 52 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға 1 наурыз күні Щучье қаласында орын алған.

«Бетін тұмшалаған ер адам қаладағы дүкендердің бірінің дүкеншісіне пышақ салып, ақшасын жымқырып кеткен. Кешенді жедел-іздестіру шарасы кезінде полиция қызметкерлері 1967 жылғы күдіктіні ұстады», деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазіргі кезде қарақшылық шабуылға қатысты ҚР ҚК 192-бабының 2-бөлігі (қарақшылық) бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, заттай айғақтар тәркіленді.