Ведомствоның мәліметі бойынша, бүгінгі таңда ПД кинологиялық қызмет орталығында - 54 ит бар, оның 23-і аумақтық бөлімшелерінде болса, 31 орталықта. Күнделікті болып жатқан қылмыстарды ашуда полицейлердің ғана емес, иттердің де үлесі зор. Орталықта неміс, бельгия овчаркалары, лабрадор және кокер - спаниель тұқымды иттерді кездестіруге болады. Мұнда иттерді ұстайтын арнайы орын, қызметтік бөлме, медициналық блок және түрлі жаттығу амалдарын жасайтын кешен бар.
Жыл басынан бері иісшіл иттердің көмегімен 127 қылмыстың беті ашылды
Қызметтік иттер көбіне мүлік ұрлығын ашуда пайдаланылады. Мәселен, жыл ішінде 586 ұрлық, 32 тонау және 106 ұсақ ұрлық сияқты қылмыстар әшкерленді.
«Иттерді таңдаудың өзіндік әдістемесі бар. Ең бастысы көзінің 100 пайыз көруі, иіс сезуі қабілеті бар және дене бітімі мықты болуы тиіс...», дейді полиция аға лейтенанты Нұрлан Есенбаев.
Сонымен қатар, иісшіл иттердің есірткі бизнесімен күресуде пайдасы зор. Бұл бағытта қызметтік иттер есірткі саудасымен айналысқандарды анықтау мақсатында ұйымдастырылған 50 шараның сәтті өтуіне, яғни, күдіктілердің қылмысын әшкерлеп, ұстауға атсалысты.
Кинологтардың қатысуымен ҚР ҚК 242-бабы бойынша «Терроризм актісі туралы жалған ақпарат беру» туралы 13 қылмыстың бетін ашылды.
Бұдан бөлек, иісшіл иттердің көмегімен адам өлтірудің 14 оқиғасына қатысты күдіктілер ұсталды.