Ақмолада «Қазақстанның үздік тауары» байқауының өңірлік жеңімпаздары анықталды

Фото: None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында «Қазақстанның үздік тауары» байқауының өңірлік жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көкшетау қаласының 195 жылдығын мерекелеуге арналғансалтанатты жиын барысында өткен «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік байқаушеңберінде «Ақмола өнімдері» атты ауқымды өңірлік көрме-жәрмеңкесі өтті. Оған150-ден астам ақмолалық тауар өндіруші қатысып, өз өнімдерін ұсынды.

Ал, байқау жеңімпаздарын Ақмола облысының әкімі ЕрмекМаржықпаев марапаттады.

«Біздің облыстағы тауар өндірушілердің өнімдері жоғарысапасы және үлкен сұранысымен ерекшеленеді. Көптеген жергілікті кәсіпорындарөнімдерін облыс аумағына ғана емес, республика, тіпті Ресей, алыс-жақын шетелдердің нарығына шығарады», - деп атап өтті аймақ басшысы Е.Маржықпаев.

Байқауға облыстың әр өңірінен жиналған барлығы 61 кәсіпорынмен жеке кәсіпкерлер қатысты. Байқау жеңімпаздары «Өндірістік мақсаттағы үздіктауарлар», «Халық арналған үздік тауарлар» және «Ең үздік азық-түлік тауарлары»аталымдары бойынша анықталды.

«Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» аталымы бойыншаАстрахан ауданындағы «Аzam-КС» ЖШС, Көкшетау қаласындағы «Диас» тігін фабрикасы» ЖШС, Біржан салауданындағы «Көкше-Цемент» ЖШС, «Халыққа арналған үздік тауарлар» аталымыбойынша Бурабай ауданындағы «Веста-Бурабай» тігін салоны, Көкшетау қаласындағы«MSMWOOD» ЖШС және «Қазтехникс» ЖШС, «Ең үздік азық-түлік тауарлары» аталымыбойынша Атбасар ауданындағы «Атбасар майы» ЖШС, Целиноград ауданындағы «CAPITALPROJEKT LTD» ЖШС және «Зерен асыл тұқымды шаруашылық» ЖШС жеңімпаз атанды.

«Өңірлік байқаудың 9 жеңімпазы «Қазақстанның үздік тауары»байқауында облыстың атынан сынға түсетін болады. Байқаудың басты мақсаты – отандық тауар өндірушілерді нарықтаөздерін белсенді таныстырып өнімді алға тартуға ынталандыруды» – деді өңірліккәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Нақыпбеков.