Ақмолада киікті қорғаған инспекторларға оқ атылды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақмола облысында киікті қорғаған екі инспекторға қарсы оқ атылды. Оның бірі ауыр жағдайда жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«23 шілдеде шамаменсағат 11.00-де «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторларыАқмола облысы Жарқайың ауданында табиғатты қорғау заңнамасын бұзғандардың алдыналу шарасын жүргізген және киік ату фактісін анықтаған. Заң бұзушылардың ізінетүскенде 10 өңірге – Қостанай облысына тиесілі ақ түсті «Нива» маркалыавтокөліктен (мемлекеттік нөмірі белгісіз) оқ атылып, екі инспектор жарақаталды», - деп жазды ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетініңбаспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет.

Инспекторлардыңбірі ес-түссіз ауыр жағдайда жатыр.

Қазіргі уақыттажаралы инспекторлар Державинск қаласының аудандық ауруханасына тасымалдануда.Онда санитарлық авиация шақырылған.

«Ақмола облысыЖарқайың ауданының полиция бөлімі күдіктілерді іздеп жатыр, оларды ұстаужоспары жарияланды. Қосымша ақпарат тағы хабарланады», - деп жазды СәкенДілахмет.


Еске сала кетсек, жыл басында Қарағанды облысы Нұра ауданының аумағында киік атқан браконьерлер екі инспекторды жаралаған еді. Ауыр жарақат алған Ерлан Нұрғалиев 15 қаңтарда Астананың №1 ауруханасында көз жұмған еді.

Кейін Қызылорда облысында жүргізілген арнайы операция нәтижесінде жеке үйлердің бірінен Ерлан Нұрғалиевтің өліміне қатысты үш күдікті ұсталды.