Ақмолада қонақүйде туристі тонаған әйел екі жылдан кейін ұсталды

БУРАБАЙ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Бурабай ауданындағы қонақ үй нөмірлерінің біріндегі ақша ұрлығы екі жылдан кейін ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, екі жылдан кейін дактилоскопияның арқасында жарты миллионға жуық теңге жымқырылды.

«Полиция қызметкерлері 2019 жылдың тамыз айында Щучье қаласының қонақ үй нөмірлерінің бірінде жәбірленушіден 425 мың теңге көлемінде ақша ұрлау ұрлығын екі жылдан кейін ашты. Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Оқиға болған жерді тексеру кезінде криминалистер саусақ іздерін, шайындыларды, микробөлшектерді тауып, тәркіледі. 2021 жылы криминалдық есепке алу базасын жаңа деректермен толықтыру нәтижесінде жаңадан келіп түскен саусақ іздерінің қолда бар саусақ іздерімен сәйкестігі анықталды», - деп түсіндірді ведомстводан.

Осының арқасында курорттық қаланың қонағынан ақша ұрлады деген күдіктінің жеке басы анықталды.

Ол Бурабай ауданының 31 жастағы тұрғыны болып шықты.

Полиция саусақ ізі арқылы қылмыскерді кез келген уақытта, тіпті қылмыс жасалғаннан кейін де анықтауға болатындығын атап өтті.