Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 13 қазан күні Атбасар аудандық ІІБ кезекшілік бөліміне Родионовка ауылының тұрғыны хабарласып, ферма аумағынан ұсақ малдың жоғалғаннын айтқан.
«Жедел-іздестіру шарасы барысында полицейлер мал дәрігері мен 3 малшыны күдікке алады. Тергеу кезінде күдіктілер қылмысын мойындайды. Күдіктілер 2 күн бойы ферма аумағынан 10 бас ұсақ малды жымқырған. Осылайша мал иесіне 400 мың теңге көлемінде шығын келтірілді», деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.
Қазіргі кезде күдіктілердің үстінен ҚР ҚК 188-бабының 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасуда.