КӨКШЕТАУ. KAZINFORM — Ақмола өрт сөндірушілері жарылыстың алдын алды.
Құтқарушылар металл және қайта өңделетін заттарды қабылдау пунктінің аумағындағы 400 шаршы метрді шарпыған жалынды сөндірді.
Оның барысында оқиға орнынан 20 оттегі баллоны шығарылып, жарылыстың алды алынды.
Өрт толық сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталып жатыр.
Жанат Қапалбаева
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын аймақтық басылымдардан бастаған.
Төрт тіл біледі, кәсіби аудармашы.
2018 жылдан бері – Kazinform шығарушы редакторы.
ҚР Журналистер одағының мүшесі.