Ведомствоның мәліметінше, облыс аумағында 2019 жылдың 17 желтоқсанынан бастап 2020 жылдың 3 қаңтарына дейін «Пиротехника» жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр.
«Шараның алғашқы бес күнінде-ақ Ақмола облыстық ПД қызметкерлері 42 рейд ұйымдастырып, пиротехникалық өнімдерді тиісті құжатсыз саудалаудың 13 фактісін анықтады және сертификатталмаған 381 қорап пиротехника тәркіленді. Барлық фактілер бойынша ҚР ҚК 196-бабы негізінде хаттама толтырылып, жалпы соммасы 381 мың теңге айыппұл салынды», - деді ведомстводан.
Полицейлердің айтуынша, пиротехникалық өнімдерді тиісті лицензиясы бар арнайы орындардан ғана сатып алуға болады.