Бағдарлама жүзеге асқаннан бергі 8 жылдың ішінде оның қатысушылары тарапынан 67,3 миллиард теңге көлемінде салық төленген.
Ақмола облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мәліметі бойынша, бағдарлама қолға алынғаннан бері 682 жоба қолдау тапқан. Биылғы жылдың 8 айында 16 жоба қолдау тауып, 15 мың жаңа жұмыс орны ашылған.
Сонымен қатар, өңірде кәсіпкерлікті дамыту шеңберінде облыстық бюджет есебінен қаржыландырылатын «Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін өңірлік қаржыландыру» бағдарламасы және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры жұмыс істейді.
Оған қоса, өңірде кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылай емес шаралары жүзеге асырылуда. Оның ішінде жұмыс істеп жатқан бизнеске сервистік қолдау, менеджерлердің тегін кеңесі мен жобалық оқытуы бар.