КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Степногорск қаласындағы шахталардың бірінде топырақ үйіндісі құлап, үш жұмысшы зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Төтенше жағдай ағымдағы жылдың 21 тамызында сағат 08:50-де Степногорск қаласынан 25 шақырым қашықтықта орналасқан Ақсу кентіндегі шахталардың бірінде болған. Оқиға салдарынан үш жұмысшы түрлі деңгейде жарақат алып, қалалық ауруханаға жатқызылды.
Тиісті орган, құтқару жұмыстарына кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметінің жеке құрамы мен арнайы техникасы жұмылдырылғандығын хабарлады.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.