Ақмолада сиырдың жаппай індетке шалдығуы туралы мәлімет жалған-мамандар

Фото: None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының мал дәрігерлері Шортанды ауданы және Целиноград ауданының Софиевка ауылында сиырдың жаппай індетке ұшырағаны туралы ақпаратты жалған екенін айтуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақмола облысыныңветеринария басқармасы Целиноград ауданының Софиевка ауылында және Шортандыауданында iрi қара мал ауруының пайда болуы туралы түсiндiрмемен мессенджерде(WhatsApp) жарияланған видео шындыққа сәйкес келмейтiндiгi туралы хабарлайды.Жануарлардың жұқпалы аурулармен ауру фактiлерi анықталған жоқ. Малға бақылаубойынша жұмыс облыстың барлық аудандарында жүргiзiлуде.

Мессенджерлерде таралғанвидеолардың шығу тегi белгiсiз (фейк) және жалған мәлiмет болып табылады.

Ветеринариябасқармасының мамандарымен ақпаратты жiберушiлерге түсiнiктемелер ментүсiндiрмелер берiлдi, мәселе жергiлiктi полиция қызметiмен пысықталды.

Облыс аумағындаэпизоотиялық тұрғыдан жағдай тұрақты және үздiксiз бақылауға алынған.

Ветеринария мәселелерiбойынша түсiнiктемелердi Ақмола облысының ветеринария басқармасынан алуғаболады. Сенiм телефоны 8 (716-2) 72-29-05», деп жазылған Ақмола облысыныңветеринария басқармасының ресми сайтында.

Соңғы жаңалықтар