Ақмолада сотталғандарға кездесудің орнына екі сағаттық бейнебайланыс ұсынылады

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Карантинге байланысты Ақмола облысында сотталғандар енді жақындарымен кездесудің орнына 2 сағаттық бейнебайланыс жасайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының көптеген мекемелеріндегідей, Ақмола облысы бойынша ҚАЖД ЕЦ-166/25-те карантинге байланысты туыстарымен ұзақ және қысқа мерзімді кездесулерге тыйым салынады.

«Бүгінгі күнге дейін сотталғандарға ҚР ҚАК 109-бабына сәйкес ұзақтығы 15 минуттан аспайтын таксофон бойынша бейнеқоңыраулар мен қоңыраулар қолжетімді болды. Енді сотталғандардың жақындарымен бейнеқоңырау арқылы екі сағат сөйлесуге мүмкіндігі бар»,- деп атап өтті Ақмола ҚАЖД баспасөз хатшысы Ирина Горнова.

Процедураның қолжетімді болуы үшін сотталушы қысқа кездесуді 2 сағаттық бейнеқоңырауға ауыстыру туралы өтініш жазуы керек.

«Әрине, бұл шынайы кездесуді алмастыра амайды, бірақ туыстарымыз бұл КВИ-дің алдын алуға және таралуына жол бермеуге байланысты шектеу шаралары екенін түсінеді. Ал бейнеқоңырау арқылы сөйлесу бізге кем дегенде біраз уақыт отбасымыздың ортасында болуға мүмкіндік береді», - деп қосты сотталған Ерлан.

Аслан Оспанов.