Бұл жолғы жарысқа Ақмола облысы мен Нұр-Сұлтан қаласынан келген 16 команда қатысты. Сайыстың алғашқы кезеңінде қатысушылар жылдамдық сынап көрді. Әрбір қатысушы белгілі бір уақыттың ішінде мұзды шамасы келгенше көбірек оюы керек болды.
Ал, екінші кезеңде кімнің қармағы көбірек тартып, балықты барынша көп аулаған жеңімпаз атанатын болды.
Турнир қорытындысы бойынша, жалпы командалық есепте 1-ші орынды Нұр-Сұлтан қаласының балықшылары жеңіп алса, 2-де және 3-ші орындарды Астрахан ауданының және Аршалы ауданындағы Арнасай селолық округінің командалары өзара бөлісті.
Ал жекелей есепте Александр Крутов ешкімге дес бермеді.