Көмекке құтқарушылар келіп, науқастың аурханаға жетуін қамтамасыз етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметінде сілтеме жасап.
«Сағат 14:35 шамасында дене жарақатын алған адамды аурханаға алып бара жатқан көліктің қар құрсауында қалғаны туралы ақпарат түсті. Оқиға орнына ГТ-ТБ шынжыр табанды траспортерімен Атбасар МӨБ-4 жеке құрамы және жедел жәрдем медициналық көмек фельдшері жетті. Құтқарушылар мертіккен ер адамды эвакуциялап, жедел жәрдем көлігіне отырғызып, аурханаға жеткізілуін қамтамасыз етті», - дейді ведомстводан.
Ведомствоның мәліметінше, 2020 жылдың 18-ші қаңтарында 1977 жылғы ер адам тұрғын үйдің шатырынан құлап, қабырғасын жарақаттап алған екен. Кейін оны ауруханаға алып бара жатқанда көлік «Ново-Мариновка – Атбасар» жолында қарға батып қалған.