Облыстық ІІД мәліметіне қарағанда, жол көлік оқиғасы бүгін таңертең «Астана-Петропавл» тас жолының 14 шақырымында болған.
«Мерседес - Спринтер» шағын автобусынның жүргізушісі алда жүріп келе жатқан көлікті басып озбақ болып, солға бұрылмақ болып тұрған «КамАЗ» жүк көлігіне барып соқтығысқан. Қоғамдық көліктің ішінде 17 жолаушы болған.
Жол апатынан автобус жүргізушісі мен жолаушылар зардап шекті. Ал, жүк көлігінің жүргізушісі дін аман», деп түсіндірді полицейлер.
Көлік оқиғасына қатысты іс қозғалды.