Ведомствоның мәліметінше, желтоқсанның 22-де сағат 14:09-де «Жақсы-Державинск» тас жолының 89-шы шақырымында екі жүк көлігі қар құрсауынан шығарылды. Екі көліктің жүргізушілері де Түркияның азаматтары.
«Бізге Жарқайың және Жақсы аудандарының шекарасында техника тиелген екі жүк көлігінің қарға батып қалғаны туралы ақпарат түскен. Жүргізушінің екеуі де - Түркия азаматтары. Шетелдіктердің Нұр-Сұлтанға бағыт алғаны анықталды. Олар боранда адасып, жолда қалған қалған», - дейді Жақсы аудандық ТЖБ басшысы Манат Бегалин.
Құтқару жұмыстарына ТЖД, ПД және жергілікті атқарушы орган қызметкерлері жұмылдырылды.