КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында жолға таласқан жүргізуші өзге жүргізуші мен оның жолаушысына пышақ салды. Полиция күдікті ретінде Солтүстік Қазақстан облысының 24 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, оқиға 9 наурызға қараған түні Гранитный ауылының маңындағы автожолда болған.
Тар жолда бір-біріне жол бергісі келмеген екі жүргізуші мен олардың жолаушылары арасында жанжал туындап, соңы төбелеске ұласады.
Салдарынан бір жүргізуші екінші жүргізуші мен оның жолаушысына пышақ жарақатын салады.
Зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізілді.
«Қазіргі кезде осы оқиға байланысты Қылмыстық кодекстің 106 бабы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты процессуалдық бұлтартпау шарасы таңдалды», - деді ведомстводан.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.