Ақмоладаға «Айдаһар үңгірі» - емшінің қасиеті мен энергиясы қалған жер

Фото: None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында жиырмаға жуық киелі жер бар. Соның бір бөлігі республикалық киелі жерлер картасына енгізіліп, қалғаны облыстық тізімнен орын алып отыр. Дей тұрғанмен, кейбір нысандарда зерттеу жұмыстары толыққанды жүргізілмегендіктен, оларды адамдар біле бермейді.

Ақмола облысында туристік, тарихи киеліорындар көптеп саналады. Танымал жерлер қатарындағы Бурабай, Зеренді жәнеҚорғалжын аудандарының туристік әлеуеті зор.

Ал көп айтыла бермейтін жердің бірі - Ақмолаоблысының Зеренді ауданындағы Үлгілі ауылы маңында өңірдің киелі нысандарыныңкартасына енген «Айдаһар үңгірі» дер едік. Аталмыш нысан бұрындары белгіліболғанымен Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жарияланғаннан кейін ғана туристердіңқызығушылығын арттыра түсті. Бұл жер туристер мен өңір тұрғындарының энергиялықкүш алу үшін келетін қасиетті орны ретінде елге танымал.

Ол туралы Ақмола облыстық тарихи-мәдени мұранықорғау және пайдалану орталығының бас инспекторы Серік Ысқақов айтып берді.

Оның сөзінше, «Айдаһар үңгіріне» ақырындаптөмен түскеннен кейін көз алдыңызда керемет көрініс пайда болады. Жергіліктітұрғындар бұл үңгірді кездейсоқ тауып, осы үңгірге бару үшін бірнеше шақырымжүріп, табиғат пен желдің дыбысын есту үшін келеді. Бұл үңгірді сақтаушы «киеліорын» деп атаған. Оның қасиеті ағзаны және адам денсаулығын тазарту үшін өтепайдалы болып келеді. Бұл жерде психикалық дертке шалдыққан адамдар емделеді,үңгір шығармашылық адамдар үшін рухани қызмет орыны болды.

«Үңгірдің аумағы үлкен емес, бірақ оның ішінекіргенде кеңдігі соншалықты оған тіпті, айдаһар да кіре алады. Бұл тек табиғатыжағынан ғана ерекше жер емес, ол көптеген жылдар бойы мыңдаған дұға-тілектердіңжиналған жері... Жергілікті тұрғындар бұл үңгірді қасиетті деп санайды және олжай ғана пайда болған жоқ», - дейді Серік Ысқақов.

Үңгірдің аумағына келетін болсақ, оныңұзындығы 270, ені 70, биіктігі 35 метр шамасында. Жарқабақ саңылауларынанмезгіл-мезгіл су тамып тұрады. Осы тарихи орын туралы жергілікті ақсақалдарарасында қалған аңыз әңгіме де бар. Аңызға сәйкес, бұл үңгірде ертеде бір емшіадам тұрыпты. Оның алдына барып емделу оңай болмапты. Ал, жолы түсіп, көрінгенадам бойындағы кез келген дертінен құлан таза айығып шығады екен. Кейін емшідүниеден өтіп, оның бойындағы қасиет пен күш энергиясы осы жерде қалған деседі.Сол себепті, бұл жерге барған адам ауруынан тез жазылып кететін көрінеді.

Қазіргі кезде, «Айдаһар үңгіріне» жету оңайәрі ондағы энергияның адам бойына оң әсер ететіндіктен келушілердің саны дасоңғы кездері арта түсуде. Бұл жердің энергетикасы осында болған әр адамды таңқалдырады. Оны ауызбен айту мүмкін емес, тек жан тәніңмен ғана сезіне аладыекенсің.

Зеренді аудандық туризм бөлімінің маманыГалина Бабушкинаның айтуынша, ауданда 16 тарихи киелі орын бар. Оларға туристікпакет әзірленген. Соның бірі - «Айдаһар үңгіріне» жылына шамамен 25 мыңдай адамкеледі екен.

«Үңгірге таяқ тастам жерде Үлгілі сарқырамасыбар. Көктем айларында мұнда еріген қар суынан үлкен сарқырама пайда болады.Сарықырманы көруге жылдың осы кезінде 25 мыңдай адам келеді. Олардың барлығыдерлік жақын орналасқан «Айдаһар үңгіріне» соғып, бір сергіп қайтады», - дейдіГалина Бабушкина.

Соңғы жаңалықтар