Ақмолалық еріктілер 5 ауданға гуманитарлық көмек жеткізді

АСТАНА. KAZINFORM – Ақмола облысы «Волонтерлерді қолдау орталығы» фронт-офисінің еріктілері өңірдегі төтенше жағдай кезінде су апатынан зардап шеккен 250-ден астам мұқтаж жанға көмек көрсетті.

Фото: Астана әкімдігі

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облысы «Волонтерлерді қолдау орталығы» фронт-офисінің басшысы Дидар Хамзин айтты.

«Еріктілер 50-ге жуық адамды эвакуциялауға атсалысты. 75 адамның үйінен бағалы заттарын шығару жұмыстарына жұмылдырылды. Еріктілердің белсенділігімен 2 тонна киім, 2,5 тонна азық-түлік себеті жиналды. ТЖ орын алған 5 ауданға толық гуманитарлық көмек жеткізілді», – деді ол.