КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалық атлет гір көтеру спортынан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Венгрия елінде гір көтеру спортынан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Байрақты жарысқа 32 елдің ең мықты спортшылары өнер көрсетуде.
«Ұлттық құраманың сапында болған ақмолалық спортшы Жамбыл Оспанов 95 келі салмақ дәрежесінде күміс жүлдеге қол жеткізді», - деді ведомстводан.
Жамбыл Ақмола облысының Астрахан ауданында бапкері Бақтияр Жұмабековтың жетекшілігімен жаттығады.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.