Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большинаның мәліметі бойынша, Ресейдің Оңтүстік-Сахалинск қаласында халықаралық «Азия балалары» қысқы ойындары өтуде. Жарысқа Азия-Тынықмұхиты өңірінің 20 елінен жиналған 16 жасқа дейінгі спортшылар қатысуда.
«Жарыстың екінші күні Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы медальдер түсті. Оның ішінде 6 шақырым қашықтықта спринтерлік жарыста ақмолалық
Вадим Куралес чемпион атанса, тағы бір жерлесіміз Данил Червенко үшінші келді», дейді Махаббат Большина.
Айта кетейік, ақпанның 17-не дейін жалғасатын болады.