Өскемен қаласында волейболдан ерлер командалары арасында Қазақстан Республикасы Чемпионаты кубогінің финалдық кездесуі өтті. Жарысқа еліміздің әр өңірінен жиналған сегіз команда қатысты. Ақмола облысынан «Ұшқын Көкшетау» волейбол клубы жақсы нәтиже көрсетті.
«Жас «Ұшқын Көкшетау» волейбол командасы жақсы өнер көрсетті. Ақмолалықтар ел чемпионы Алматының «Буревестник» командасынан 3:2 есеп айырмасымен басым түсті. Ал, жартылай финалда тараздық команданы 3:0 есебімен тізе бүктірді. Тек финалда атыраулық волейболшылардан ғана ұтылып, жүлделі екінші орын алды», - дейді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіндегілер.
Айта кетсек, «Ұшқын Көкшетау» командасының ойыншысы Қанат Ғабдулин чемпионаттың «үздік ойыншысы» атанды.