Ақмолалық кәсіпкер Атбасарда «ақылды» ауыл салмақшы

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалық кәсіпкер Атбасар ауданында шаруашылық жүргізіп отырған елді мекенді «ақылды ауылға» айналдыруды көздеп отыр. Бұл туралы өңір басшысы Ермек Маржықпаевтың Атбасар ауданына сапары кезінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сапары барысында өңір басшысы алдымен аудандағы ірі ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші,Покровка ауылында орналасқан «Әріп-Агро» серіктестігінде болды. Шаруашылықауданда «ақылды» ауыл салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы облыс әкімі ЕрмекМаржықпаевқа серіктестік басшысы УәлиханӘріпов айтып берді.

«Мен ұлымҒалымжанға айттым: «Иван Адамович Сауэр осыдан 50 жыл бұрын республика бойыншаүлгілі атанған ауылдың құрылысын бастады. Ал, сен әлі 30-да ғанасың. Бұл агроқалашық болады. Бірінші кезекте, бізөз жұмысшыларымыз үшін 50 жеке тұрғын үй салатын боламыз», - деп өзінің алдағыжоспарымен бөлісті Уәлихан Әріпов.


Инвестор ауылдыцифрландыру жұмыстарын жергілікті мектептен бастады. Білім ордасында күрделіжөндеу жұмыстары жүргізіліп, роботтехникасы, ІТ – сыныптары жабдықталды.Бүгінгі таңда аталмыш білім ордасы еуропалық стандартқа сай жабдықталғанаудандағы ең үздік мектептер қатарында.

Сонымен қатар,кәсіпкер ауыл аумағында құны 1,5 миллиард теңге болатын инвестициялық жобаныжүзеге асыруды жоспарлап отыр. Яғни, 2020 жылы экологиялық таза сұлы қауызынөндіретін зауытты іске қосылады. Шикізат «Әріп-Агро» серіктестігінің өз егістікалқаптарынан алынады. Жабдықтардыдақылдарды терең өңдейтін Швейцарияның Bühler компаниясы орнатып береді.


Облыс басшысыауылды цифрландыру бастамасын қолдайтындығын, сондай-ақ, жоба жүзеге асырылғанкезде еңбек өнімділігі артып, ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы артатынынатап өтті.

Ауылда ауыз сумәселесі көп жылдан бері түйіткілді болып келді. Меценат Әріпов бұл мәселенішешуді қолға алды. Шаруашылық субъктілерінің қаражатына жобалық-сметалық құжаттамасынәзірлеп қойған. Өткен жылы суқұбыры желісінің құрылысы үшін респбликалықбюджеттен 100 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді. Мердігерлер қыркүйек айындаауыл тұрғындары таза ауыз суына қол жеткізеді деп отыр.


Бұдан кейін, облысәкімі Атбасар қаласында көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге арналыпсалынған көппәтерлі 12 тұрғын үйдің құрылысы, автомобиль жолдарын қалпынакелтіру және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға арналған 45 пәтерлі екі тұрғын үйдің құрылысыжұмыстарына назар аударды.

Осы орайда, ауданәкіміне Аманбек Қалжановқа құрылыс жұмыстарын бақылауға алып, мердігерлердіңжұмысты сапалы әрі кестеге сай жүргізуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Сонымен қатар,облыс әкімі машинақұрылысы саласындағы ірі кәсіпорын «Қамқор-Локомотив» серіктестігі мен жылуқазандығында болып, бүгінгі жай-күйімен танысты.