Аталымш бағдарлама бойынша өңірде кәсіпкерлердің қолдау-көмегінің арқасында жаңа 11 әлеуметтік нысан (1 туристік кешен, 1 мектеп, 2 тұрғын үй, 3 балалар алаңы, 4 стадион) ашылды. Олардың құрылысы үшін 176,3 миллион теңге қаржы жұмсалды.
Нақтырақ айтсақ, Целиноград ауданында жалпы құны 485,4 миллион теңгеге 7 жоба жүзеге асырылды. Оның ішінде биылғы жылдың наурыз айына Отаутүскен ауылында 50 орындық бастауыш мектеп (12 миллион теңгеге) салынды. Зеленый Гай ауылында 101 теңгеге мәдениет үй бар мәдени-сауықтыру кешенінің ғимараты қалпына келтірілді. Бұдан бөлек, биыл Ақмол ауылында 280 орындық балабақша мен екі жаңа мектептің құрылысы жоспарланған.
Сандықтау ауданында «Свободное» ЖШС басшысы Александр Закусиловтың 575 миллион теңге жеке қаражаты есебінен 5 жоба жүзеге асырылды. Оның ішінде Максимовка ауылында жас мамандар үшін екі пәтерлі он үй салынды. Мектеп оқушыларын тасымалдау үшін шағын автобус сатып әперілді. Ауыл көшелері мен мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жақында жаңа хоккей корты салынды.
Степногорск қаласында 334,4 миллион теңге болатын 10 жоба жүзеге асырылды.
Шілде айында «Өмір» әлеуметтік қолдау орталығы ашылды. Жерлестеріміздің қолдауының арқасында аудандар мен қалаларда 11 спорт алаңы пайдалануға берілді. Уәлихан Әріпов басқаратын «Заречный» ЖШС-нің 88,5 миллион теңге қаражатына ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту бағытында 6 жоба жүзеге асырылып жатыр.
Сонымен қатар, «Қайырымды ел - Ақмола» жобасы шеңберінде халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтарын қолдау үшін 1 207 шара жүзеге асырылуда. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған 2 мың отбасы, 5 мың бала және 7 мұқтаж адам 137,1 миллион теңге көлемінде материалдық көмек алды. Степногорск, Бестөбе және Шантөбе кенттерінде демеушілердің қаражатына модельді кітапхана ашылды.
Сондай-ақ, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсету бойынша 215 еріктінің басын біріктіретін «Ақ ниет - ізгілік шуағын төгейік» жобасы да жүзее асырылуда.