Ақмолалық мүмкіндігі шектеулі спортшылар үстел теннисінен ел чемпионы атанды
Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большинаның мәліметі бойынша, Петропавл қаласында тірек-қимыл аппаратында кемістігі бар спортшылар үстел теннисінен ел чемпионаты өтті. Оған еліміздің 14 өңірінен жиналған 130 спортшы қатысып, бақ сынады. Қатысушылар бес күн бойы 10 класс бойынша күш сынасты.
«Жалпы, командалық есепте Ақмола облысының құрамасы жетінші орынға тұрақтады», - деп түсіндірді М.Большина.