Ақмолалық оқушы Оңтүстік Кореяда өткен халықаралық ғылым додасында жеңімпаз атанды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Целиноград ауданындағы №2 орта мектебінің 10-сынып оқушысы Талапқанұлы Ераман Оңтүстік Кореяның Дэджон қаласының Солбридж университетінде 1-8 науры.з аралығында өткен «Жас ғалым» Халықаралық ғылыми жобалар байқауында І орын алды, деп хабарлады аталған мектеп ұжымынан.

Әлемнің дарынды оқушылары жиналған зияткерлік сайыста регламенттен тыс 40 минутқа созылған ғылыми жоба сәтті қорғалды. АҚШ-тан келген әділ Джефри Миллер (PhD) бастаған әділ қазылар оқушы еңбегін жоғары бағалап, І орынға лайық деп тапты.

Ғылыми жоба «Тіл білімі» секциясында «Дара тұлғалы антропонимдердің нормалануы» тақырыбында қорғалды. Онда адамзаттық тіл теориясына жаңа көзқараспен қарау ұсынылды. Ғылыми жоба жетекшісі - Тұранов Ыбырай Әбілдаұлы.

«Енді Ераман Талапқанұлы ЖОО-ға ҰБТ емтиханынсыз қабылданады. Ғылыми жобаға жетекшілік жасаған мұғалім Тұранов Ыбырай Әбілдаұлына Ы. Алтынсарин төсбелгісін беруге ұсыныс жасалады», - деді аталған мектеп директоры А. Аленова.