Ақмолалық оқушылар халықаралық байқауда жүлдегер атанды

None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында 6-11 сынып оқушылары арасында өткен «Ясауитану» халықаралық байқауында ақмолалық мектеп оқушылары жеңімпаз атанып, ақшалай жүлдеге ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішісі.

Облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметі бойынша байқаудың бірінші кезеңінде қатысушылар хикметтерді еш мүдірмей жатқа айтудан сынға түсті. Екінші кезеңде Қазақ хандығының тарихына, Қожа Ахмет Ясауи бабамызға, «Әзірет Сұлтан» музейіне қарасты тарихи ескерткіштер мен жәдігерлерге қатысты сұрақтарға жауап берді. «Ясауитану» байқауының екі кезең қорытындысы бойынша жерлесіміз Целиноград ауданындағы Қоянды орта мектебінің 10 сынып оқушысы Оқа Жанат 1-ші орыннан көрініп, 100 мың теңгенің ақшалай сертификатымен марапатталды. Ал Бурабай ауданы Атамекен ауылының 10 сынып оқушысы Дәулетхан Ділнәр 3-ші орынға лайық деп танылды. Ол да 50 мың теңгенің сертификатына ие болды.

Сонымен қатар, Көкшетау қаласы № 3 облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп интернатының 11 сынып оқушысы Рыспекова Айжан ынталандыру сыйлығы ретінде 20 мың теңгенің жүлдесін иеленді.