КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- Ақмолалық палуан Александр Кумбриди Қырғызстан Республикасында кадеттер арасында өткен еркін күрестен 8-ші халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметі бойынша, турнир Қырғызстанның Қара-Балта қаласындағы «Манас» спорт кешенінде өтті.
КСРО-ның спорт шебері Мырсабек Құрманәлиевтің құрметіне арналған жарысқа Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстаннан келген 1 300 спортшы қатысты.
Оның ішінде ұлттық құрама сапында болған ақмолалық жас палуан Александр Кумбриди 35 келі салмақтағылар арасында Бішкек палуанына жол беріп, жүлделі екінші орын алды.
Александрдің жаттықтырушысы атап өткендей, бұл салмақта барлығы 116 палуан белдескен.
Аслан Оспанов.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.