Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің дерегі бойынша Красноярск қаласында еркін және әйелдер күресінен өткен байрақты жарысқа Ресей, АҚШ, Финляндия, Қырғызстан, Моңғолия, Қытай және Қазақстан тәрізді 10 елден жиналған 500 спортшы қатысты.
Әйелдер арасында Қазақстан құрамасы сапында болған ақмолалық қыздардың бағы жанды. Оның ішінде 76 және 57 келі салмақтарда Валерия Аксёнова мен Ирина Кузнецова екінші орыннан көрінсе, 65 келі салмақта Альбина Қайыргелдинова үшінші орындв еншіледі.
Айта кету керек, бұл спортшыларды Бөгенбай атындағы спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп интернатында Әділ Тәженов, Евгений Судейкин және Айдар Шайдулин жаттықтырады.