Ақмолалық полицейлер əріптестері Ғазиз Байтасовты еске алды

None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалық полицейлер əріптестері Ғазиз Байтасовты еске алды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, 2011 жылдың 12 қазанында Тараз қаласында 7 адамның өмірін қиған қанды қол лаңкестерді ұстау барысында Жамбыл облыстық ІІД жол патрульдік полициясы жеке батальонының бірінші взводының командирі Ғазиз Байтасов мерт болған еді. Кейін оның өз өмірін қия отырып бейбіт адамдардың өміріне араша түскен ерлігі ескеріліп, Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың  Жарлығымен "Халық Қаһарманы"  атағы берілген болатын.

Ақмола облыстық ІІД өткен шара барысында батыр жайлы оның отбасы, туысқандары жəне əріптестерінің айтқан естеліктері мен жылы сөздері туралы көркем фильм ұсынылды. Ондаған адамның өмірін сақтап қалған батырдың ерлігі туралы ІІД мұражайының меңгерушісі  Амантай Ысқақов əңімелеп берді.

«...Ғазиз Байтасов өзінің үлгісімен бүгінде Отанымыздың шынайы қорғаушылары, халық аңыздары мен дастандарындағыдай батырлары бар екенін дәлелдеді. Осы қайғылы оқиғаның орын алғанына 5 жыл өтсе де, батырдың есімі қазақстандықтардың есінде мəңгі сақталған...».

Баспасөз қызметінің мəліметі бойынша Ақмола облыстық ІІД  жəне өңірлік бөлімшелеріндегі  мұражайларда Ғазиз Байтасовтың ерлігіне арналған арнайы қабырға тақта ашылған.