Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большинаның мәліметінше, Алматы облысының Талғар қаласында шаңғы жарысынан Шығыс Еуропа құрлықтық кубогының VI кезеңі өтті. Жарысқа Қазақстан, Ресей, Қырғызстан және Марокко 70-тен астам шаңғышы қатысты.
«Жекелей жарыста Ақмола облысының үміті Тамара Эбель қола жүлдегері атанды», - деді Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большина.
Айта кетейік, жыл сайын Халықаралық шаңғы федерациясының қолдауымен Шығыс Еуропа кубогының 7 кезеңі өткізіліп келеді. Мұнда Қазақстан, Беларусь, Ресей және Украина спортшылары халықаралық рейтингте өз деңгейін арттырып, Әлем кубогына қосымша квоталарды сарапқа салады.