Ақмолалық шаңғышылар Алматыда 13 медаль олжалады

None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалық спортшылар Алматы қаласында өткен шаңғыдан ҚР жазғы чемпионатыда 13 медаль олжалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметіне қарағанда, жарысқа Ақмола облысынан  26 спортшы қатысты. Шаңғышылар кросс, спринт, 5-10 шақырымға еркін және классикалық әдістер бойынша күштерін сынады.

Оның ішінде Гүлсина Қадырова (Сандықтау) - 2 алтын және күміс, Тамара Эбель (Щучье) - қола, Олжас Климин (Көкшетау) - алтын, Фёдор Карпов (Сандықтау) - күміс, Николай Чеботько (Щучье) - алтын және күміс, Денис Волотка (Щучье) - қола, Эльмира Мутагарова (Зеренда) - күміс, Святослав Матасов (Щучье) - күміс, Константин Борцов (Щучье) - алтын, Валерия Тюленева (Щучье) - алтын медаль алды.

Қазіргі кезде, спортшылар жыл соңында Алматыда өтетін ҚР спартакиадасының кезекті кезеңіне дайындықтарын бастап кетті.

Гүлсина Қадырова, Тамара Эбель, Николай Чеботько, Денис Волотка, Константин Борцов және Валерия Тюленева жоғары спорттық шеберлік мектебінің шәкірттері болса,   Фёдор Карпов Сандықтаудағы мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінде, Эльмира Мутагарова, Олжас Климин және Святослав Матасов в облыстық №2 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінде тәрбиеленуде.