Ақмолалық спортшы маунтинбайктен Азия чемпионы атанды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмолалық спортшы Темірлан Мұхамедьянов маунтинбайктен (тау велосипеді) Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше,байрақты жарыс Ливан елінде өтті. ОғанАзия елдерінен кілең мықты спортшылар қатысты. Оның ішінде 23 жасқа дейінгілерарасында «кросс-кантри олимпик» әдісі бойынша сынға түскен ақмолалық ТемірланМұхамедьянов үздік нәтиже көрсетіп, жарыс жеңімпазы атанды.

Темірлан Мұхамедьянов Шортандыауданының тумасы.

«Жерлесіміз 1:42:14 нәтиже көрсетіп, екінші келген ирандықспортшы Али Зохрабзадені (1:44:09) артқа қалдырды», дейді ведомстводан.