КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалық спортшы Александр Савин Тайланд елінде өткен семсерлесуден Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметіше, Бангкокте өтіп жатқан байрақты жарысқа Азия елдерінен жиналған 61 спортшы қатысып, бақ сынады.
«Семсерлесу U-23 турнирінде Қазақстан ұлттық құрамасы сапында Ақмола облысынан барған Александр Савин мен Ерлік Сертай өнер көрсетті. Оның ішінде Александр үздік нәтиже көрсетіп, жүлделі үшінші орыннан көрінсе, Ерлік 22-ші орынға тұрақтады», дейді ведомствоның баспасөз қызметі.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.