Ведомствоның дерегі бойынша, байрақты жарыс АҚШ-тың Флорида штатында өткен. Триатлон мен бүгінгі күнгі бессайыстың қосынды саналатын жарыстың бұл түріне соңғы кездері қызығушылық артып келеді.
«Қазақстан ұлттық құрамасы сапында Ақмола облысының спортшылар Ашраф Камалов пен Никита Курганский жасөспірімдер арасында эстафетадан чемпион атанса, Арман Қыдыртаев пен Надежда Бекмағамбетова күміс, ал, Анастасия Захарова мен Рашид Романчук төртінші орынға тұрақтады.
Сонымен қатар, жекелей сынға түскен Надежда Бекмағамбетоваға қарсы тұрар ешкім болмады. Ал, ерлер арасында Арман Қыдыртаев пен жасөспірімдер арасында Ашраф Камалов екінші орын алды. Жасөспірімдер арасында Никита Курганский мен орта жастағы жасөпірімдер арасында Рашид Романчук үздік үштікке енді», - дейді Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большина.