КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- Ақтау қаласында ересектер арасында WT таэквондадан өткен ҚР Чемпионатында ақмолалық спортшылар 3 қола медальге қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жарысқа еліміздің əр өңірінен жиналған 150-ден астам спортшы қатысты. Жарыс керуги жəне пумсе əдісі бойынша өтті.
«Ержан Урманов жаттықтыратын ақмолалықтар арасында Арайлым Қажтаева екі бағдарлама бойынша қос қола медаль иегері атанды. Сондай-ақ, Айғаным Қуанышбекова ширек финалға өтіп, жүлделі үшінші орнынан көрінді», деп көрсетілген баспасөз хабарламасында.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.