Ақмолалық теміржолшылар өз ұйғарымын жасады

None
КӨКШЕТАУ. 20 қаңтар. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Кеше Ақмола облыстық филармониясының концерт залында «Қазақстан теміржолы» ҰК» акционерлік қоғамы Ақмола жол бөлімшесі Көкшетау теміржол желісі еңбек ұжымының жалпы жиналысында

ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттілігін 2020 жылғы 6 желтоқсанға дейін ұзарту жөніндегі жалпыхалықтық референдумға қолдау білдірілді.

Жиынның модераторы Жаңаберген Құсайынов Елбасының сарабдал саясатының арқасында ел дәулетінің жылдан жылға артып келе жатқандығын тілге тиек етіп, ендігі уақытта осы бағыттағы жұмысын одан әрі жалғастыруына ықыласты екенін жеткізді. Өз кезегінде басқа да теміржолшылар күні кеше Астана қаласында өткен ЕҚЫҰ Саммиті әлем елдері арасында ынтымақ пен достықтың, татулық пен бірліктің игі бастамасына айналғандығын атап өтіп, халықты жалпыхалықтық референдум өткізуді бірауыздан қолдауға шақырды.

Жиын соңында темір жол қызметкерлері Елбасына сенім білдіріп, Үндеу қабылдады.