Өлген иттің және оны көтеріп әкетіп бара жатқан ер адамның суреті мен видеосы әлеуметтік желіде тарады. Жазба авторының сөзінше, оқиға Степногорск қаласында болған.
«Тұрғын мас күйінде итті 5-қабаттан лақтырып жіберді.... Итті жақын маңдағы қараусыз қалған жерге көме салды. Қан іздерін жасыруға тырысты...», - делінген жазбада.
Осы ретте, Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жануарларға қатыгездік таныту фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 316-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.