Ведомствоның мәліметінше, елордада тректегі велоспорттан Қазақстан Республикасының чемпионаты өткен.
«Еліміздің әр өңірінен жиналған кілең мықты велошабандоздардың арасында Ақмола облысы мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің №7 олимпиадалық резерв мектебінің тәрбиеленушісі Андрей Чугай қатысып, үздік нәтиже көрсетті. Жерлесіміз «кейрин» әдісі бойынша жарыс жеңімпазы атанды», - дейді Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большина.
Андрей бапкері Иван Гринбергтің жетекшілігімен жаттығады.