Ақмолалық жасөспірімдер астанада жұмыс істеу үшін үйлерінен кетіп қалған

Фото: None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында үш жеткіншек ақша табу үшін Нұр-Сұлтан қаласына кетіп қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік Полиция департаментіне сілтеме жасап.

«Ерейментау аудандық полиция бөліміне 19 тамыз күнібалалардыңата-аналары келген. Олардың айтуынша, 17 тамыз күні жасөспірімдер үйден шығыпкетіп, қайта оралмаған. Оның ішінде екеуі – мектеп оқушысы. Уайымға салынғаната-аналар балаларын бір күн күтіп, кейін көмек сұрап барған», - дедіполицейлер.

Өтініш түскеннен кейін бірнеше іздеу тобы құрылып,тәртіп сақшылары оларды аудан орталығынан, ормандыжәне сулы жерлерден іздеген.Достары мен таныстарынан жауап алынды.

«Сол күні жоғалған жасөспірімдер көрші Торғайауылынан табылды. Ол аудан орталығынан 40-45 шақырым қашықтықта орналасқан.Балалардың айтуынша, олар елді мекенге дейін жол-жөнекей кетіп бара жатқанкөлікпен жеткен. Бірақ, олардың жоспарында елордаға барып, жұмысқа орналасуболған. Тәртіп сақшылары оларды полиция бөліміне жеткізіп, әңгімелесу өткізді»,- деді ведомстводан.

Еске салайық, бірнеше күн бұрын полицейлерЕрейментау ауданындағы 15 жастағы жасөспірімді үйіне қайтарды. Ол өздігіненНұр-Сұлтанға кетіп қалған.

Автор: Оксана Матасова

Соңғы жаңалықтар